ПРАГМАТИЗМ ҚАЗАҚТАРДА БҰРЫННАН БАР

Біз прагматизм туралы көп айтамыз және бұл мемлекетіміздің экономикалық табысы үшін өте маңызды мәселе. Шынымен де қарапайым шындық. Бұл әрбір адамға белгілі. Егер сен ақылмен емес, эмоцияға бағынсаң, өмір баспалдағыңды жоспарламай, орындалмас арман және үмітпен өмір сүрсең – жетістік болмайды. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді.

«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. ⠀

Бірінші Президенттің пікірінше, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Негізі прагматизм қазақтарда бұрыннан бар, бұны тек мына мысалдан ғана байқап түсінуге болады. Бұрын,қазақтын кен байтақ дала жерінде мал шаруашылығы кенінен дамып, жайлаулар болатын, олар шөп өссін деп жайлаудын орның жыл сайын ауыстырып тұратын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*