М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және ӨНДІРІС БАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ»» атты тақырыбында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНГРЕСІН өткізді.
Конгресстің жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасынының 3 жылдығына байланысты, Шымкент қаласының 2200 жылдың Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойларын атап өту және 2020 жылы Шымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы қызметіне арналып ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттауға жастар арасынан еріктілерді қалыптастыру; ІІІ-ші мегаполистің қайырымды істері: әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірдегі қайырымды қаланың рөлі, жастардың білім мен ғылымның өзекті мәселелерін талқыланды.
Конгресс жұмысынын онлайн жүйесіндегі Пленарлық мәжілісінде Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Өзбекістаннан және республикамыздың Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Шымкент қалаларынан 100 жуық педагог-ғалымдары, қоғам қайраткерлер, өнеркәсіп саласының өкілдері белсенді қатысып, өздерінің зерттеулері және пікірлерімен бөлісті.