ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Үшінші мегаполис Шымкенттің Қаратау ауданындағы тұрғын үйлер алаңы дезинцекцияланды.

Қаратау ауданына қарасты Ақ жайық шағын ауданы мен Төлеметов және Көкшетау көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің аулалары мен кіребестері залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Күнделікті залалыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде атқарылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда қауіпті індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, пандемияның алдын алу жұмыстарына аса көңіл бөлінген. Аудандағы қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларын дәрілеу жұмыстары кестеге сай күнделікті жүргізілуде. Осы бағытта сіз де өз үлесіңізді қосып, санитарлық тазалықты сақтаңыз деп ескерткіміз келеді. Қажеттілік болмаса үйден шықпауды сұранамыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*