ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН ІШКІ ОРАМ ЖОЛДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында басталған орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 7 шақырымнан асатын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Бүгінде әрбір атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарын қала әкімі Мұрат Әйтенов қатаң бақылауға алған.

Пайдалануға берілген көшелерді атап айтар болсақ,
— Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы Фурхат, Атой 1,2,3 көшесіне мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр.

-Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы Желтоқсан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі жүргізді. Ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр.

— Қаратау ауданы, Бозарық тұрғын алабы Ұста Мұхаммед көшесінен басталатын атауы жоқ көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы 1,1 шақырым, ені 5 метр.

— Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы Қарасу көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Таған» ЖШС-гі толығымен аяқтады. Көшенің ұзындығы 2,5 шақырым, ені 5 метр.

Жалпы, биыл Шымкентте 240 нысан, 314,7 шақырым жол, 7 көпір, 1 жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*