Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп берген.
Мобильді топ қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жсайды. Бүгінгі таңға дейін 17 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.
Қазір қаладағы емханаларда 211 мобильді топ қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.
Бұдан бөлек, мамандар 608 831 адамға медициналық қажеттіліктері бойынша қоңырау шалған.
Айта кету керек, мобильді топтар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:
— науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;
— COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу;
— көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;
— қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;
— «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
— үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу.