КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты.

«Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды» -деді.

Мониторинг жүргізілген нысандар қатарында 4548-і тағам нысандары болса, 3844 — коммуналдық нысандар.

Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

— карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың, сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;
— қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс жұмыс жасауы;
— қызметкерлердің, жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*