Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді.
Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр.
Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп көрсетілген. Ең негізгі сақтану шаралары нұсқаулықтармен жазылған.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, кәсіпкерлік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер мен ірі сауда орындарының аумағында парақшалар жабыстырылып, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды қалалық жастар орталығының қызметкерлері мен волонтерлары, аудан әкімі аппаратының мамандары атқаруда.
Тұрғындар есте сақтайтын бір жайт. Егер бұл парақшалар бүлінген жағдайда аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер лезде қайтадан жаңасына ауыстыра қояды. Қалада ақпараттандыру жұмыстары жылдың соңына дейін жүргізілетінін тұрғындар білу тиіс.