МОБИЛЬДІ ТОПТАР 23 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады.

«Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсетті», — деді ол.

Бұдан бөлек, мединалық мекемелерде дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар.

Сондай-ақ, қаланың бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, 120 600 қорап ыстықты түсіретін және 175 000 қорап вирусқа қарсы препараттар, 1 982 000 антибиотиктер, 24 860 қорап антикогулянттар, 730 000 қорап «С» витамині бар.

Айта кетейік, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. 17 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны — 5150 тіркелген. Оның ішінде симптомды — 2625, симптомдыз — 2525 жағдай. 4292 науқас коронавирус індетінен жазылып шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*