«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын жаңғырту басты назарда. Автобустар паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Уақыт сәтімен, кезең кезеңімен аталған мәселелер шешімін табуда.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі күні құрылғылар кедендік процедураларын өтіп, ҚР ҰҚК-нен информатикалық қауіпсіздік сертификатын алуда.

Құрылғыларды Шымкент қаласына алып келу, содан соң екі аптаның ішіне құрылғыларды монтаждау және бағдарламаны тексеру, әрі қарай бағдарламаны тесттік режимде тексеріп, 1 қарашада пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*