140 ШАҚЫРЫМДЫҚ 135 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкентте автомобиль жолдары саласын дамытуға жалпы 26,8 млрд. теңге қаралып, 256 нысан немесе 414,9 шақырым жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 312,8 шақырым немесе 240 нысан пайдалануға тапсырылады.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 140 шақырымдық 135 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 56,9 % құрады.

Қазіргі таңда қаланың магистралды жолдарының 82,5 шақырымында құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған нысандарға бюджеттен 8 789,3 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жылдың қорытындысы бойынша 57,1 шақырымы пайдалануға беріледі.

Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылады.

Сондай-ақ, биыл ішкі орам көшелерін күрделі және орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстарына 16 407,6 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда 49,8 шақырымды құрайтын 69 көшеде күрделі жөндеу, 305,3 шақырымды құрайтын 225 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 112,0 шақырымды құрайтын көшелерге шағал тас төселеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*