ШЫМКЕНТТЕ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ БОСАДЫ

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді.

Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 25 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*