ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді.
Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.
Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді» деп есептейді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында жергілікті жастар аталған спорт түріне қызығушылық танытып, белсенділік танытты. Мұндай шеберлік сағаттары қаланың барлық аумағында өткізіледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қалада 27 Street-workout алаңы салынған.