ЖАНУАРЛАР ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды.

Атап айтқанда, қаланың солтүстік-батыс бөлігі 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді.

Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына тапсыру мақсатында қала әкімінің қаулысы әзірленуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*