АСАР ШАҒЫНАУДАНЫНДА 100 ОТБАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүлдер көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Бүгін Асар шағынауданында өткен жиында да саланы дамыту жайы талқыланды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС-нің директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Ғ.Садыбеков және «ASAR AGRO» кооперативінің басшысы С.Тастанов қатысты.

Талдау жұмыстарына сәйкес, бүгінде Шымкентте қаланы көгалдандыру мақсатында жалпы 1,6 млн. дана гүл қажеттілігі анықталып отыр.

Жиында біржылдық және көпжылдық гүлдердің көшеттерін өсіру үшін жобаны қаржыландырумен қамтамасыз етуге «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта «Форвардтық» сатып алу да келісілді.

Жоба аясында қала аумағындағы агроқалашық болып саналатын «Асар» шағынауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады.

Асар шағынауданы бүгінде жылыжай өндірісіне маманданған. Ендігі ретте бұл аумақтағы жылыжай кешендерінде гүл өсіруді дамытып, жаңа саланы игеруге мүмкіндік туып тұр.

Жалпы, гүл өсіру пайдасы көп, табысты сала. Шымкентте жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестік артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Болашақта Шымкентті көкөніспен қатар, көрші аймақтар және көрші елдерге гүл эспорттайтын әлеуетке жеткізу мақсаты тұр. Мәселен, Нидерланд елі гүл сату бизнесінен жылына 6 млрд-тан астам еуро пайда табады екен. Осыны ескерер болсақ, бұл саланы Шымкентте дамыту бойынша мол пайда табуға мүмкіндік бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*