ШЫМКЕНТТЕ 52 КӨШЕГЕ ЖОЛ ТАҢБАСЫ СЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылуда.

Атап айтқанда, 12 көшеге екі компонентті суық пластиктен 86,09 шақырымдық (5 072,5 шаршы метр аумаққа) жол таңбасы сызылды. Мұнан бөлек тағы 40 көшеге акрилді краскамен 256,35 шақырымдық (22 428,49 шаршы метр аумаққа) жол таңбасы сызылды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер, шу және вело жолақтар, жол қозғалысын бөлу, бағыттау және тоқтау сызықтары сызылған.

Одан өзге көлік көп жүретін көшелерде кептеліс болдырмау және жолдың өткізу қабілетін жақсарту үшін қиылыстарда «реверсивті» қозғалыстар ұйымдастырылып жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*