ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ЕСКЕРТЕДІ

Шымкент қаласында 1 тамыздан бастап covid-19 белгілері бар пневмониямен 869 науқас тіркелді. Өткен тәулікте тіркелгені 1 жағдай. 2020 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 – дың 5203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде — 2648 симптомдық, 2554 – симптомсыз.

Сондай-ақ, қалада 11 қаңтардан 12 қазанға дейін пневмонияның 18 341 жағдайы тіркелген болса, оның 18 191-і ауруынан айыққан.

Бүгінгі таңда коронавирустан емделген науқастар саны 5 108-ге жетті.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*