ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ТАҒЫ ДА ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды. Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді. Ал кинотеатрлардың, цирктің, сауда үйлеріндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынып отыр.

«Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек,» — делінген қаулыда.

Азық-түлік және өзге де базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30% аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады. Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*