Қашықтан білім беру кезеңінде күзгі демалыс уақыты мектеп оқушылары үшін өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 күнге ұзартылды. Атап айтқанда, 2020 жылғы қараша айының 5-14 күндері аралығында. Демалыс күндерін бекіту ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сәйкес жасалынған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бринфингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Айта кетейк, мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жылындағы демалыс күндері 30 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ, қашықтан оқыту кезеңінде 2-11 сыныптарда бағаланатын пәндер бойынша тоқсанына 1 БЖБ және 1 ТЖБ өткізіледі. Ал, апталық жүктемесі 1 сағаттан аспайтын пәндерге 1 тоқсанда бір рет БЖБ алынып, ТЖБ алынбайды. Аталған пәндерге ТЖБ жартыжылдық бойынша алынады.
Оқушылар мен ата-аналарға БЖБ және ТЖБ, сонымен қатар қалыптастырушы бағалаудың баллдары мен тоқсандық баға қорытындысы Күнделік.кз электронды журналы арқылы қолжетімді.
Оқушылар БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын цифрлық ресурс порталы BilimLand платформасының OnlineMektep модулі арқылы орындайды.
Апталық жүктемесі 1 сағаттан аспайтын бағаланатын пәндер келесідегідей: Информатика (5-9, 10-11 қоғамдық-гуманитарлық бағыты)
Дүние жүзі тарихы, Құқық негіздері (9 сынып)
Химия (7 сынып)
Қазақ тілі (10 сынып)
Орыс тілі (10 сынып)
Жиынтық бағалау жүргізілмейтін пәндер:
Өзін өзі тану
Көркем еңбек
Музыка
Денешынықтыру
Кәсіпкерік және бизнес негіздері
Графика және жобалау
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Сандық білім беру (не технологиялық дайындық)
Сандық білім беру (3-4 сыныптар)
Вариативті сабақтар