Қазан айының 07-14 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі қашықтықтан өткен болатын. Аталған байқауда шымкенттік оқушылардың еңбектері де үздіктердің қатарынан көрінді.
Көрмеге Шымкент қаласынан 6 номинация бойынша мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының шәкірттері қатысты. Атап айтқанда, шәкірттер «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар», «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы», «Матадан жасалған бұйымдар» және «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациялар бойынша сынға түсті.
Бір аптаға созылған қорытынды кезең бойынша Шымкент қаласының «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының» білім алушысы Нұрсұлтан Әбітхан («Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясы) ІІІ-дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, қалған қатысушылар мен топ жетекшілері сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды.
Шымкент қаласы білім басқармасы балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, экологиялық білім мен тәрбие беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласын дамытуға баса назар аударып келеді.