ШЫМКЕНТ: ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА 30 ПАЙЫЗ ӨСІМ БАР

Бұл туралы Жолдау аясында халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен тікелей эфирде қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов мәлімдеді.

– Қазіргі таңда қала аумағында және шалғай орналасқан тұрғын алаптарда әлеуметтік нысандар орналасқан қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшеде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 43 көше 87 пайызды құрап, жарықтандыру 30% жанданған, – деді басқарма басшысы.

Жолшыбек Мұхтарұлының айтуынша, Жолдаудағы экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары бойынша осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшетін егу жоспарланып, көктем айларында 71 253 дана ағаш отырғызылған. Тікелей эфирде белгілі болғандай, жыл соңына дейін 1 магистралды коллектордың құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 мың халқы бар 5 елді мекенге (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік туады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*