ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық субсидия бағытына – 648,4 млн теңге, ауыл шаруашылығы малын, техника және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 67 млн теңге субсидия берілген.

Нәтижесінде осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 27 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 млрд теңгеге артқан.

Сонымен қатар бөлшек сауда көлемі 284,8 млрд. теңгені құрап, сауда көлемінің индексі 102,7% құрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*