ШЫМКЕНТ: АРҒЫМАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы Арғымақ тұрғын алабын аралап, ондағы инфрақұрылым мәселелерімен танысты.

54 гектар аумақты алып жатқан тұрғын алапта 47 үй қоныстанған. Ондағы тұрғындарға аптасына екі рет тасымалды ауыз су жеткізіліп тұрады. Бүгінде сапалы ауыз сумен қамту бойынша мердігер мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Ал электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер есебінен 29 бағана орнатылған. Қазіргі таңда 47 үй жарық желісіне қосылған. Мемлекеттік электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ дайындалу үстінде. Одан өзге, алап тұрғындары табиғи газға келер жылы қосылатын болды.

Сонымен қатар, мұнда былтыр 1,8 шақырымға, биыл 1,2 шақырым жолға шағал тас төселген. Қалған 3,3 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Мәселемен қаныққан қала әкімі Арғымақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша дайындалып жатқан сметалық құжаттарды жыл соңына дейін аяқтауды және инфрақұрылым жүйесінің сапалы орындалуын тыпсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*