ШЫМКЕНТТІ ӘДЕБИ АВТОБУС АРАЛАДЫ

http://https://youtu.be/jYAsQijxNSg

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Кітап оқып, рухани бай бол!» жобасы аясында «Әл-Фараби –Абай: рухани мұралардың тағылымы» тақырыбындағы «Кітап жолы-bookway» атты әдеби автобус акциясы өткізілді.

Акция «Shymkent bus» ЖШС-ның № 158 қоғамдық көлігінде өтті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы Абай образын сомдап, әндерін орындап ғибратты әңгімесін айтып, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кітапхана қызметкерлері әл-Фараби және Абай әлеміне саяхат жасап, аталмыш тақырыпта түрлі викториналық сұрақтар қойып, кітапсүйер оқырмандарға сый-сияпат табыстады.

bookway

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*