ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТ ҮКIМЕТТIК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ПӘРМЕНДI ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Бұл туралы Шымкент қаласында өтіп жатқан «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты II Азаматтық форумда ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты.

Өз сөзінде вице-министр қоғамдық ұйымдардың қызметін қайта жаңғыртып, транформациялауға қатысты тың мәліметтерімен бөлісті.

– Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақ елі қандай мемлекет болуы керек деген сұрақ тұрды. Сол кезде саяси күштердің тарапынан әртүрлі ұсыныстар түсті. «Кеңестік жүйені сақтап қалайық!» немесе «Таза діни мемлекет құрайық!» деген де ұсыныстар болды. Сол кезде халқымыз азаматтық қоғамы дамыған мемлекет құрайық деген шешімге тоқтады. Қанатты қағиданың заңды жемісі қаладағы 800-ден астам қоғамдық ұйымдардың жұмысы деп білемін, — деді ол.

Болат Анапияұлының айтуынша, мемлекет азаматтық қоғам институттарын қолдауды бір сәтке де тоқтатқан емес. Бұл ең алдымен мемлекеттің мүддесі. Соңғы жылдарды қоғамдық ұйымдардың қызметін қайта жаңғыртып, транcформациялауға жағдай жасап келеді. Бірінші кезекте Ұлттық қоғамдық кеңес құру арқылы қоғамның сенімінен шығуға үлкен септігін тигізді. Волонтерлық қызмет саласында да айтарлықтай серпіліс байқалды. Еріктілер жылы аяқталуға жақын. Карантин кезінде Шымкент қоғамдық бақылау жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарған қаланың бірі.

Айта кетейік, аталған форум соңында Шымкент қаласын дамытуға үлес қосқан үкіметтік емес ұйым өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*