«ШЫМКЕНТ ТМД МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ  МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТТІ

Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара  Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды.

Кітап көрмесіне қаладағы 5 кітапхана (37 бөлімшелері) өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған әжелер кештің шырайын ашты.

Мерекелік шара «Piano Performance» яғни,   орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға боялған пианинодан жанды дыбыста шырқалған музыкамен  жалғасты. Мұндай күй сандық қаланың 5 жеріне қойылған. Ерекшелігі күй сандықта ойнай алатын кез-келген қала тұрғыны өзі қалаған музыкасын ойнап, келушілердің ықыласына бөленуге мүмкіндік бар.

Бүгінгі думанды кеш Арбат алаңындағы театрландырылған қойылымдар мен цирк әртістерінің өнерімен жалғасты. Жиылған қауым «Қыз Жібек», «Біржан -Сара», «Айман-Шолпан», «Сайрам базары» қойылымдарынан үзінділер тамашалады.

Мәдени астананың жабылуына орай өтетін мерекелік шара Бәйдібек би алаңында қолөнер шеберлерінің көрмесімен жалғасты.

Айта кетейік, бүгінгі ұйымдастырылған шара карантин талабын сақтай отырып,  барлық келушілерге сақтық жөнінде ескертпелер жиі ескертіліп отырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*