«НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Үшінші Мегаполисте 150 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бүгін аталған «Нұрсат» өнер мектебіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысып қайтты. Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек.

Өзгеге ұқсамайтын саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады.

Мұнда домбыра, би, ән, қобыз үйірмелері мен тағы басқа жанрлар бойынша өнер топтары жұмыс істейді. Биыл ғана салынған өнер ошағы 1,3601,360 шаршы метрді алып жатыр, орталық жылу қазандығына қосылған.

Мектептің 150 баланы қамтитын мүмкіндігі бар. Қазір балалар саны 100. Оқыту түрі қазақ және орыс тілдері.

Жалпы, концерттік залы: 1
Би залы: 3
Спорт кабинеті: 1
Буфет: 1
Жалпы кабинеттер саны: 38
Оқу кабинеттері саны 32
Медициналық кабинет: Алғашқы медициналық көмек
Үйірмелер саны: 14
Педагогтар саны: 14
Тех. қызметкерлер: 14

Үйірме жұмысының бағыттары: тілдік, спорттық, техникалық, көркемдік-эстетикалық, хореографиялық, хор және ән айту, аспаптық, сахналық және шешендік өнер, қолданбалы өнер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*