ӨНЕР ЕШҚАШАН ӨЛМЕЙДІ (БЕЙНЕ)

Шымкенттік шебер Ринат Гафуров кәдімгі ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ісмер ата кәсіпке түбегейлі ден қойғанына 8 жылдан асыпты. Қазір өзінің жеке шеберғанасы бар. Онда ағаштан иіп түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Болашақтағы арманы Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры » атты мақаласында айтқан ұлттық өнерді дамытып, ұрпаққа жеткізу.

Мұндағы барлық бұйымдар – авторлық жұмыстар. Олар ағаштан асқан шеберлікпен әзірленеді. Шеберлер өз құпиясын жылдар бойы жинақталған тәжірибесі мен ағаш өңдеудегі білімін қолданады. Бастапқыда кәсіпорында бар-жоғы екі-үш маман еңбек етсе, бүгінде бұл жерде 50-ге жуық шебердің туындылары бар.

Қолөнер шеберлерінің қолдан жасалған эксклюзивті дүниелеріне қызығушылық танытқандардың саны артқан. Расында, қазіргі таңда қолдан жасалған бұйымдар сұранысқа ие. Әсіресе, ағаштан әшекейленіп ойылған органайзерлер көздің жауын алады. Мәселен, қойын дәптері, әшекей-бұйымдар салатын сандықтар мен қазақтың киіз үйі бар. Шебер алдағы уақытта мұндай заттарды өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыруды көздеп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*