Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы қолданысқа енгізілуде. Аталған кешенді схемаға сәйкес, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары оңтайландырылмақ.
Қазіргі таңда бірінші кезекте №74, №84, №92, №135, №35, №12, №103 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді. Яғни, сиымдылығы үлкен жаңа автобустар тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен жаңартылып, жаңа схема бойынша жолаушылар тасымалдайды. Бұл орайда шалғайдағы елдімекендер де қамтылып, сапалы қызмет көрсету жолға қойылмақ.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жүру уақытының кестесі мен жүріп келе жатқан орнының картасын жуық арада GPS бағдарламасымен мобильді қосымша арқылы бақылау мүмкіндігі қосылмақ.