МҰРАТ ӘЙТЕНОВ КОРОНАВИРУСТЫҢ КЕЗЕКТІ ЫҚТИМАЛ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындық шаралары туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, еліміздегі үшінші мегаполистегі эпидемилогиялық ахуал арнайы мамандардың жіті қадағалауында. Ағымдағы жылдың 24 наурызынан 16 қарашаға дейінгі аралықта қалада COVID-19 ауруының 5 292 жағдайы тіркелген.

– Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалдық. А, В, С жоспары бойынша 5 416 төсек орнына дейін ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Қалада жалпы қуаттылығы күніне 3550 тестке жететін 9 ПТР зертханасы бар. Жаңадан 100 жедел жәрдем автокөлігі алынып, автопарк толығымен жаңартылды, – деді М. Әйтенов.
Сонымен қатар, аталған жағдайға байланысты арнайы Сall-center іске қосылды. Қоңырау қабылдау қуаттылығы тәулігіне 3 500-ге жеткен.

Айта кетейік, қалада медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптасқан. Яғни, бүгінде қаланың дәріханаларында коронавирусты емдеуге қажет 1,7 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек қоры бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*