Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді.
Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған негіздер мен жабындар (31 580 м2), борттық бетон тастарын орнату (54 780 м3) жұмыстары аяқталып отыр.
Сондай-ақ, ірі түйірлі асфальт жол төсемесінің (31 580 м2) 90 пайызы, ұсақ түйірлі асфальт жол төсемесінің (31 580 м2) 49 пайызы, бейнебақылау үшін траншеяға кабель төсеу – 95 %, автокөліктерге арналған тұраққа шатыр жабындысын қою жұмыстары 25 %-ы орындалды. Құрылысқа жалпы 50 адам тартылған.
Туризмнің бастауы аэропорттан басталатынын атап айтқан шаһар әкімі салаға жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарын мерзіміне сәйкес аяқтауды жүктеді.