6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов мәлімдеді.

— Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын алапта құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады. Олардың қатарында Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар, Азат шағын ауданы, Бадам шағын ауданы, 195-орам, Тассай шағын ауданы (1 кезек) бар, — деді сала басшысы.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Достық ш/а, Игілік, Жаңаталап, Бадам, Бадам-2, Тұран шағын ауданының солтүстік шығыс бөлігі және Достық тұрғын алабына инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз жүйесіне қосылады.

Бұдан өзге ұзындығы 28,3 км құрайтын «Ахунбабаев-Көкбұлақ» және 6,88 км құрайтын «Тұран» магистралды су құбырлары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысы бойынша, ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7 %-дан 95,6 %-ға өседі.

11 айда атқарылған есепті тыңдаған Мұрат Әйтенов тиісті салаға жауапты басшыларға жұмыстарды тездетіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*