100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ-ЖЕМІСТІ ЖОБА (БЕЙНЕ)

«100 жаңа оқулық» жобасының соңғы аударылған 23 оқулығы басылып, университеттерге таратылды. Оқулықтар батыс философия, шығыс философиясы, саясаттану, әлеуметтік зерттеу, білім беру, этнография, демография, мемлекеттік саясат, менеджмент, тарих салаларын қамтыған.

2017 жылдан күні бүгінге дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан кітаптың барлығын Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагоггикалық университетіннің «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығынан да табуға болады. Оқулықтар ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған. Аударма жұмысына білікті аудармашылар мен редакторлар, ЖОО ғалымдары қатысқан. Ұлттық Аударма Бюросы тарапынан аударылған 107 аталымдағы 10 500 –ден аса кітаптардың бір бөлігі орналасқан орталық техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Онда түрлі деңгейлердегі тәрбиелік және ғылыми сипаттардағы іс-шаралар жиі өтіп тұрады.

Аталмыш оқу орнында «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімі жұмыс жасайды. Доцент, тарихшы Қайрат Сапарханұлы студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай ақ, бағдарламаның мазмұнын аша түсерліктей «Ұлы Дала өркениеттер тоғысында» атты көрме университет фойесінде қойылған. Ондағы материалдар барлығы дерлік ЖОО тарихшы-археолог ғалымдары мен студенттерінің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері.

ОҚМПУ-да 2018 жылдан «Рухани жаңғыру» алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 24 сағат интернет жүйесіне және жарықпен қамтылған. Сонымен бірге ол қала және өңірдегі ЖОО-дағы ең алғашқы ашылған алаң саналады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*