«Дәстүр мен ғұрып». Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңадан қосылған арнайы жобасы. Мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Бұл жобаның іске асырылуында «Салт дәстүр және әдет ғұрып» орталығының қосқан үлесі ерен.
Еліміздегі тұңғыш бірегей орталық жүздеген жылдар бойы ұлт құндылығына сусаған жұртқа салт-дәстүр, жол-жоралғы, ырым-тыйым, өзге де рухани мұраларды жаңғыртуға серпін берді. Мұнда әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар да жүргізіледі.
Кешегінің салт-дәстүрін зерттеп, оны бүгінгі күнмен ұштастырып, ертеңгі ұрпаққа жеткізудің жүйесін қарастыру жолында орталықта ғылыми–әдістемелік, тәжірибелік конференция, әдеби–танымдық кештер, дөңгелек үстел, түсірілімдер, өзге де түрлі форматта, мазмұнды жиындар өткізіледі. Орталық қызмкетерлері жаһандану кезеңіндегі жастардың ата-салт, баба дәстүрінен қол үзіп қалмауына жағдай жасауда әрбіріміз аянып қалмауымыз керек деп санайды.