ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «БОЗАРЫҚ» СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның 95 пайызы аяқталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған «Бозарық» қосалқы подстанциясының құрылыс алаңына барды.

Қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға берілген соң, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити, Достық және Нұрсәт шағынауданындағы 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

«Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылысты пысықтаған Мұрат Әйтенов тұрғындарды сапалы жарықпен қамту мақсатында жұмысты жылдамдатуға тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*