Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы АХАТ бөлімі мамандары некелескеніне 60 жыл толған ерлі-зайыптыларды мерейтойымен құттықтады. Салаға жауапты мамандар Геннадий мен Райса Ивановтардың шаңырағына арнайы барып, қуаныш иелеріне неке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
Ерлі-зайыпты Ивановтар 1960 жылы отбасын құрған. Гауһар той иелері бүгінде екі перзенттен үш немере, төрт шөбере сүйіп отыр. Г. Иванов төтенше жағдай саласында 45 жыл абыройлы қызмет етіп, зейнетке шыққан. Зайыбы Р.Назарова 40 жылдай қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеген.Қазір құрметті демалыста.
АХАТ мамандары 60 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ата-әжейге сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті.
Іс-шара отбасы құндылығын паш ету, неке қидыруға ниетті жастарға үлгі болу мақсатында қолға алынып отыр.
Қуаныш иелері өздеріне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, жастарды отбасы құндылығын бағалауға шақырды.