Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде алғаш рет тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен болған жиында қызметтік пәтер мәселесі қаралды.
Бұл пәтер — лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде уақытша тұру үшін берілетін баспана.Бүгінде қалалық тұрғын үй қорында қызметтік пәтер мақсатына жалпы саны 137 пәтер бөлінген.
Қала әкімінің орынбасары қызметтік пәтермен қамтылған азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселесіне баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта пәтерді қабылдап алу тәртібін қатаңдатуды айтты.
«Пәтерді үлестіру, оны қабылдап алу да жауапты іс. Қызметтік пәтерлердің мақсатқа сай пайдаланылып, техникалық жарамды және тиісті санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда күтіп-ұсталуын қадағалауымыз қажет. Өйткені пәтер босаған жағдайда келесі азамат жөндеу жұмыстарынсыз кіретін жағдайда болуы керек. Бұл тұрғыда әрине әр азаматтың жауапкершілігі аса маңызды»,-деді Е.Білісбеков.
Жиында сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы құрамына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық қор өкілдері мен басқа да санаттағы әлеуметтік осал топты азаматтарды енгізу ұсынылды.