Шымкент қаласында «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
Фронт-офистің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов, «QazSmartTrans» ЖШС-ның директоры Сержан Ақылбаев қатысты.
Қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты — арыз-шағым, ұсыныстар қабылдауға және оқушылар, студенттер картасын тікелей өтінім беруге немесе дайын картаны алуға арналған. Яғни «Төлем» картасына қатысты туындаған мәселелер бойынша қызмет көрсетеді.
Осыған дейін компанияның жеке офисі күніне 300-500 адам шамасында қабылдап жүрсе, ендігі жерде арнайы ашылған орталық тұрғындарды екі есе көлемде қабылдауға дайын.
Фронт-офистің мекенжайы: Әл-Фараби алаңы №9