Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беруі үшін арнайы көліктер қызмет көрсетті. Бұл шараларға 18 инватакси мен 43 әлеуметтік такси жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Жалпы, басқарма, жергілікті әкімдіктер тарапынан 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалды. Олардың ішінде 1500-ге жуық мүгедекке жеке көмекші, 300-ге жуық азаматқа ымдау тілі мамандары қызмет көрсетті.
1500-ге жуық мүгедек үй жағдайында дауыс береді. Ал сайлау учаскелерінде ерекше күтімді қажет ететіндер үшін арнайы орындар жабдықталған. Онда құлаққап, көзі әлсіз көретіндер үшін арнайы құралдар, дыбыс күшейткіш аппараттары да бар.