ШЫМКЕНТ ӘКІМІ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы сайлаушылар қатарында болып қаладағы № 231 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған шаһар басшысы ел азаматтары мен бірге шымкенттіктерде азаматтық ұстанымы мен белсенділігін танытып, сайлауға жоғары деңгейде қатысатынына сенімді екенін айтты.

«Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды. Бұл – болашағымызды таңдау. Тұрғындардың жарқын келешегін айқындайтын сәт. Қала тұрғындары бұрын өткен сайлауларда белсенділік танытқан, бүгін де жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын», — деді М.Әйтенов.

Бүгінде Шымкентте 617 мыңнан астам сайлаушы бар. Жалпы қала аумағында 312 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*