МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік нысандар мүгедектердің кіріп-шығуына, түрлі қызмет алуына, жұмыс істеуіне қолайлы болуы керек. Осы мақсатта кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 2014-2020 жылдары Шымкент қаласында 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 әлеуметтік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді: Абай ауданы – 10, Әл-Фараби ауданы – 15, Еңбекші ауданы – 15 және Қаратау ауданында – 15 нысан.

Бүгінгі таңға дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттаудан және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталып отыр. Абай ауданы – 4, Еңбекші ауданы – 22, Әл-Фараби ауданы – 31 және Қаратау ауданында – 18 нысан. Бүгінде осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*