ШЫМКЕНТ: ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУДЕ 22 БРИГАДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Шымкент қалалық электр жүйесінің диспетчерлік жедел қызмет көрсету бөлімі күшейтілген кестеде жұмыс жасауда.

Таңнан бері 34 авариялық жағдай тіркелді. Сағат 11:00-ге дейін оның 11-і қайта іске қосылды. Қалған оқиға орындарында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр.

Электр желілерін қосуға 22 бригадада 50 адам жұмылдырылды.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сабырлық танытуға шақырамыз.

Коммуналдық қызметке байланысты сұрақтар бойынша «109» байланыс нөміріне немесе электр желілеріне қатысты «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады:

Шымкент қалалық ЭС 35-39-85
Абай ауданы 35-74-48
Әл-Фараби ауданы 53-53-65
Еңбекші ауданы 57-56-38
Қаратау аудандар 28-52-66

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*