БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы білім саласында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қызметтер толығымен автоматтандырылған.

Одан бөлек, педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» электронды қызметтер жүйесі арқылы автоматтандырылды. Нәтижесінде, 720 бос орындар жарияланып, қабылданған 408 педагогтың 121-і үздік дипломмен, 125-і магистр, 17-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелді.

Сонымен қатар, білім ұйымдарының бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасы аясында 100% кабинеттерін оқу кабинеттеріне тапсырып, ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Open Space» ашық бөлмелерге көшті.

Жоғарыда аталған жобаларды автоматтандыру нәтижесінде азаматтардың өтініштерінің саны 254-ке азайды (2019 жылы — 434, 2020 жылы-180).

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*