ШЫМКЕНТ: ХҚО ҚЫЗМЕТІ БРОНДАУ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Тұрғындардың көп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жүзеге асырылуда.

ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әр ХҚО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электронды үкімет порталында кезек алып немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады.

Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 09:00-18:00 дейін үзіліссіз. Сенбі-жексенбі – демалыс.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*