Шымкент: TOLEM жүйесі істен шықса, қоғамдық көліктерде тегін жүруге болады. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады.
«Құрметті қала тұрғындары! 1 ақпаннан бастап ТӨЛЕМ жүйесі істен шыққан жағдайда, қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететін хабарлаймыз».-делінген хабарламада.