Беларусь астанасы Минскте фристайл-акробатикадан Әлем кубогы аяқталды. Жарысқа Қазақстан құрама командасы қатысып, нәтижесінде жерлестеріміз Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева синхронды секіруде қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, шымкенттік спортшы Маржан Ақжігіт Әлем кубогының күміс медалін қанжығалады. Ал беларустық Анна Гуськова мен Анна Деруго әлемдік жарыстың жеңімпаздары болып танылды.
⠀
Айта кетейік, могул және шаңғы акробатикасы бойынша биылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді. Байрақты бәсеке наурыздың басында өтеді деп жоспарланып отыр.