ШЫМКЕНТ: ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫМЫЗДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ НАСИХАТТАЙДЫ

Қаламыздағы туризм саласының дамуына тікелей жұмыс істейтін, туристерді тартып, қаламыздың иммиджі үшін түрлі шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» жуырда ресми түрде келушілерін қабылдайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов хабарлады.

– Орталықтың негізгі мақсаты – өңірде ішкі туризмді дамытып, туристік өнімдерді ілгерілету, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Жалпы орталық жыл басынан бері, яғни 1 жарым айдың ішінде ақпараттық дүңгіршектер арқылы 128 адамға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетті. Оның ішінде Үндістан, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер бар, — деді М.Исахов.

Орталықта туристерді көптеп тартуда тәулік бойы Call-орталық арқылы қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Шымкент қаласында туристерге арналған «Visit-shymkent.kz» порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылды. Портал мен қосымшада қала тұрғындары мен қонақтары мегаполис аумағында өтіп жатқан кез келген мерекелік іс-шарадан хабардар бола алады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*