ШЫМКЕНТТІҢ ЛЮКС АЯҚ КИІМІ

Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында «LUX Shoes» БК» ЖШС табиғи былғарыдан аяқ киім шығаратын фабрика жұмыс істейді.
Аяқ киім ісінің шебері Ғайрат Хасанбаев әуелі аяқ киім сату бизнесімен айналысты. Қала базарларында аяқ киім сату бойынша 15 жыл тәжірибесі бар. Содан сон аяқ киім өндірісін іске қосу керек деген шешімге келді. Бастаған ісі табысты жүргендіктен, өз брендін тіркеп, оған патент алады.

«Lux Shoes» -дің өндіріс қуаты жылына 120 мың жұп аяқ киім. Аяқ киімнің барлық үлгілері табиғи былғарыдан жасалған, қажетті қасиеттерге ие: жылуды жақсы сақтайды, бу және ылғал өткізбейді, тердің әсеріне төзімді, жақсы сіңеді және артық ылғал береді.

Аяқ киім өндіру кезінде түрік үлгілері қолданылғанымен, модельдер сол жерде жасалады. Сонымен қатар, «Lux Shoes» брендінің аяқ киімі түрік аналогтарынан арзан. Кәсіпорында «FANTES» және «COMELZ» маркалы түрік жабдығы орнатылған.
«LUX Shoes» БК» ЖШС фабрикаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларды несиелеудің мемлекеттік бағдарламасының бірінші қатысушысы болды. Бағдарлама аясында жобаны «АТФ Банк» АҚ 15% — бен қаржыландырды. 9 %-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Қалған 6% — ы несиені пайдаланғаны үшін кәсіпкердің өзі төлейді.

Кәсіпорынның маңызды мақсаттарының бірі – Орта Азия елдерінде өнімді өткізу нарығында үздік шығу. Сондай-ақ, Қазақстанның ең үздік бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*