Кастельоне қаласында (Испания) бокстан Boxam халықаралық турнирі аяқталды. Ақтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды. ⠀
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың алтын медалін шымкенттік Сабырхан Махмуд жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Испания өкілі Габриэль Эскобармен кездесу өткізді. Жекпе-жек Махмудтың жеңісімен аяқталды. ⠀
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит Испанияның қарсыласы Эммануэль Пла рейске жол берді. Осылайша қазақстандық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов және Нұрлан Сапарбай Қазақстан командасының активіне төрт қола медаль әкелген болатын. ⠀