«ҰЛАҒАТ» ұйымында кездесу өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен №137 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты Ш.Қозбахов және «Ұлағат» БПҰ мүшелері мен ұстаздар қауымы қатысты.

Басқосудың басты мақсаты 6 қазанда Астанада өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау. Елорда төрінде республика бойынша 1200 делегаттың басын қосқан Съезд өткені баршаңызға белігілі. Міне, осы шарада саяси партиялар мен республикалық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция құрды. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов халықтық коалиция Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынатынын жария етті.

Бүгінгі жиынның спикері Ж.Әлібекқызының айтуынша, Съезде партияның саяси тұғырнамасы қабылданып, Жарғыға өзгерістер енгізілген.

-Қоғамның талқылауынан өткен саяси құжаттар өз деңгейінде жүзеге асатынына сенімдімін. Себебі, жаңа тұғырнаманы бекіту барысында еліміздің барлық аймағынан түскен түрлі ұсыныстар мен пікірлер ескерілді. Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясына барлық қажетті құжаттар ұсынылып, Халықтық коалиция ұсынысын қолдаған 400 мыңға жуық қол жиналды, — деді Ж.Әлібекқызы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*