Бүгін Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кезесу өтті. Басқосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдыхожаев қатысты.
Кездесудің басты мақсаты — мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ.БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын көпшілік арасында насихаттау. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау.
Жиында сөз алған Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру, сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және Жолдауда айтылған бес бағдар бойынша жеке-жеке тоқталып өтті.
Кездесу соңында «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы партияның кезектен тыс XXIV Съезі туралы әңгімеледі. Астана қаласында өткен партияның Съезіне республиканың барлық аймағынан 1200-ден астам адам қатысса, үшінші шаһардан бір топ делегат қатысып, партяиның саяси тұғырнамасы қабылданғанына куә болды.
#AMANAT